Сейсенбі, 26 қараша, 19:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегі азаматтарға құқықтық түсіндірме жұмысы жүргізілді

26.11.2024

36 0

Пробация есесбіне алынған азаматтарды қайта әлеуметтендіру, қылмыстың алдын алу мақсатында пробация есебіндегі тұлғалармен жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді. №6 аймақ учаскелік полиция пунктінде қалалық пробация есебіндегі осы аймақтағы тіркеудегі 20-ға жуық сотталғанмен кездесу өтті.

Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Н.Рахменшиев пен пробация қызметінің инспекторы әділет лейтенанты Е.Шанжаров және әділет кіші лейтенанты Н.Қыдырбекқызы есептегі тұлғаларға жаза өтеу тәртібі мен талаптары, міндеттерімен жауапкершілігі және құқықтарын түсіндіре отырып, қайта қылмыс пен құқық бұзушылыққа және жаза өтеу тәртіп бұзушылыққа бармау керектігі де ескертілді.

Әділет аға лейтенанты Назира Қыдырбекқызының айтуынша өз аймағындағы тұлғаларды күнделікті мекенжайларынан тексеріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

  • Әрбір есептегі азаматтармен зерделеу жұмыстарын жүргіземіз. Әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек түрлерін көрсетеміз. Тұрақты жұмыспен қамтылуы үшін жергілікті органдармен бірлесе жұмысқа орналастырамыз. Егер жеке кәсіп ашамын деген мақсаты болса, кәсіпкерлікті оқытуға, мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып үшін қажетті құжаттарды жинақтауға көмек береміз. Қазіргі таңда есептегі азаматтар арасында өз кәсібін дөңгелетіп отырғандар да бар. Біздің басты мақсатымыз қайта қылмыстың алдын алу, есептегі тұлғаларды қайта әлеуметтендіру,-дейді Назира Қыдырбекқызы.

Кездессу соңында есептегі тұлғалар өзідерінің көкейінде жүрген мәселелері бойынша сұрақтар қойып, жауаптарын алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: