Сейсенбі, 24 желтоқсан, 21:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегі азаматтарға тегін нан таратылды

05.05.2023

747 0

Қазалы ауданында шаруасын дөңгелетіп қана қоймай қайырымдылықты да ұмытпаған жеке кәсіпкерлер мұқтаж отбасыларға көмектесіп келеді. Бүгін қасиетті жұма күні жеке кәсіпкер Лаура Серікова Қазалы аудандық пробация қызметінің есебіндегі тұрмыс жағдайы төмен 6 азаматтың отбасына тегін нан таратты.
-Пробация есебіндегі азаматтарға әлеуметтік -құқықтық көмектермен қатар демеушілер тарапынан қайырымдылық көмектерді де жиі көрсетеміз. Есептегі азаматтар арасында көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылар бар.Жұмыссыз сотталғандарды жұмысқа орналастыру бағытында жұмыстар атқарсақ, жеке кәсіп ашамын деген сотталғандарға құқықтық көмек береміз. Бүгінгі ерекше шараға риза болған есептегі сотталғандар кәсібінен нәсіп тауып жүрген жеке кәсіпкер мен ұйымдастарған пробация қызметіне алғысын айтты. Қайырымдылық шарасын алдағы уақытта да жалғастыратын боламыз»,- деді пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Ербол Сражатов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: