Жұма, 22 қараша, 03:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегі азаматтармен тренинг өтті

13.11.2022

714 0

Қызылорда қалалық пробация үйінде пробация есебіндегі азаматтардың қатысуымен «Менің болашағым» тақырыбында  тренинг өтті. Тренингті «Жігер» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің психологы Қарлығаш Қойшыбаева және Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу оңалту орталығының  психологы Зарина Бисекова жүргізді.

 Сотталған азаматтардың өмірге деген көзқарасын дамыту, олардың өздеріне деген сенімділікті нығайтуға бағыт – бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған тренингте психолог мамандар  сотталғандармен  психологиялық жаттығулар мен  психодиагностикалық зеттеу жұмыстарын жүргізді. Есептегі азаматтар тренингке белсенділікпен қатысып, өз ойларын да ортаға салды.

 «Бүгінгі өткізілген тренингтен кейін, бойымда өз-өзіме деген зор сенімділік пайда болды. Біз сияқты жаза басып, жаңылған азаматтарға осындай тренингтердің берері мол.   Алға қойған мақсатыма жету жолында барынша еңбектеніп, талпынып, отбасыма, айналама пайда келтірер азамат болуға деген сенімім артты»,- есептегі сотталған.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: