Сейсенбі, 24 желтоқсан, 22:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегі сотталғандар дойбы мен шахматтан сынға түсті

19.11.2024

145 0

Қызылорда қалалық пробация қызметі мен қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталығы бірлесіп пробация есебіндегі тұлғалар үшін спорттық шара ұйымдастырды. Спорттық шараға 15 сотталған адам қатысып дойбы мен шахматтан сынға түсті.
Шараның басты мақсаты — сотталған азаматтардың әлеуметтік бейімдеу және қайта әлеуметтендіру. Дойбы мен шахмат сияқты интелектуалдық ойындар ойлау қабілетін дамытуға, стратегиялық ойлауды жетілдіруге, сонымен қатар психологиялық стрессті төмендетуге көмектеседі. Бұл ойындар сотталғандардың сабырлы болуына, әлеуметтік қарым-қатынастарды жақсартуға және қоғаммен байланыс орнатуға оң әсер етеді.
Ойын барысында қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, әр ойында жеңіске жету үшін барын салды. Жарыс нәтижесімен үздік ойын көрсеткен тұлғалар алғыс хатпен марапатталды.

  • Бүгін мен дойбы ойынында жеңімпаз атандым. Бұл мен үшін үлкен қуаныш, себебі дойбы — тек қызықты ойын ғана емес, сонымен қатар терең ойлау мен стратегиялық жоспарлауды талап ететін күрделі ойын. Өзімнің шеберлігімді көрсетіп, жеңіс тұғырынан көріндім, қарсыластарым да осал болмады. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, – деді есептегі азамат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: