Қызылорда қалалық пробация қызметі сотталғандарды әлеуметтендіру, құқықтық көмек көрсету, мәдени спорттық шараларға тарту бағытында жұмыстарды жүйелі жүргізіп келеді. Қайта қылмыстың алдын алу мақсатында пробация есебіндегі тұлғалармен кездесу өтті. Кездесуге қызылорда қалалық прокуратурасының прокуроры Н.Қасымов, учаскелік полиция инспекторы Қ.Утембетов және пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны М,Досжанова қатысты. Кездесу барысында есептегі азаматтарға жаза өтеу тәртібі мен талаптары, міндеттерімен жауапкершілігі және құқықтыр түсіндіріле отырып, қайта қылмыс пен құқық бұзушылыққа және жаза өтеу тәртіп бұзушылыққа бармау жөнінде түсіндірілді.
Кездесуге қатысқан сотталғандар өзідерінің көкейінде жүрген мәселелері бойынша сұрақтар қойып, жауаптарын алды.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!