Бейсенбі, 28 қараша, 16:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Профилактикалық шарада жол қозғалысы ережесін бұзудың 76 дерегі анықталды

09.06.2021

806 0

Облыс көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында өтіп жатқан «Автобус» жедел-профилактикалық іс – шарасының 1 күнінде жол қозғалысы ережесін бұзудың  76 дерегі анықталды.

Оның ішінде, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзған-6, тасымалдау кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бұзған-1, заңсыз қайта жабдықтаған-6, рейс алдындағы қарап тексеруден өтпеген-2, міндетті техникалық байқаудан өтпеген13, көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған-15 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар, белгіленген жылдамдықты асырған 1 жүргізуші,  маневр жасау ережесін бұзған –10, ҚР-ның міндетті сақтандыру заңнамасын бұзған – 5, жолаушыларды заңсыз тасымалдаған –3 жүргізуші анықталып, хаттамалар толтырылды.

Мысалы, Самара-Шымкент тас жолында Арал қаласынан Шымкент қаласына жол жүріп баражатқан салонында 10 жолаушысы бар «Мерседес Спринтер» автокөлігі белгіленген жылдамдықты асырған. Жолаушылардың өміріне қауіп төндіріп, көлік басқарған жүргізушіге әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жүргізушіге ҚР ӘҚБТК-нің 592 бабының 1 бөлігімен хаттама рәсімделді.

Іс – шара мауысым айының 11-не дейін жалғасады.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: