«Заң мен Тәртіп» қағидасы аясында Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жер қойнауын заңсыз пайдалану жағдайларын болдырмау және алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Арнайы «Дрон» құрылғысының көмегімен Сауран ауданы аумағындағы «Құрсай» өзені бойында жер қойнауының тұтастығын бұза отырып, кең таралған пайдалы қазбалардың (құм-қиыршықтас қоспасы) заңсыз өндірілгені анықталды.
Жер қойнауын заңсыз пайдалану халық наразылығын тудыратын және қоғамдық-саяси тұрақтылық пен қоршаған ортаға теріс әсер ететін факторлардың бірі болып табылады.
Прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде заңсыз жасалған меморандум бұзылып, тәртіптік теріс қылыққа жол берген Шаға ауылдық округінің әкімі қызметінен босатуға ұсынылды, аудан әкімінің орынбасары мен полиция қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
