Ақтөбеде сарбаз өз-өзіне қол жұмсады. Қайғылы хабарды Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметі ресми мәлімдеді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Осы жылдың 23 қарашасында Ақтөбе гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде қарауылдық қызмет атқару барысында мерзімді қызметтегі сарбаз бекітілген қарудан өзін-өзі атып, суицид жасады», – делінген баспасөз хабарламасында.
Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!