Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қала тұрғыны есірткі затын тасымалдағаны үшін ұсталды

13.06.2022

794 0

Облыс көлемінде өтіп жатқан «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 8 маусым күні сағат 16:40 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері «Шымкент-Самара» тас жолы, яғни Жалағаш ауданы тұсында қызмет атқару барысында «Фольксваген-Пассат» автокөлігін жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан.

Тексеру барысында жолаушысынан полиэтилен пакетіне оралған шөп ұнтақтары тәркіленді, сараптамаға жолданды. Сараптама қортындысына сәйкес тәркіленген зат «кептірілген марихуана» екені белгілі болды. Күдікті ұсталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.  

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: