Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 16:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қала тұрғыны қызылордалық анықтаушыға алғыс білдірді

22.09.2022

965 0

Анықтаушы қызметі – аса сауаттылық пен білімді, шыдамдылықты талап ететін жауапкершілігі мол іс. Жауапты міндеттің жүгін арқалап жүргендердің бірі – Қызылорда қалалық Полиция басқармасының анықтау бөлімінің анықтаушысы, полиция аға лейтенанты Айтбаев Диас Мыңайдарұлы. Уақытпен санаспай, орын алған қылмыстарды дер кезінде ашып, заң тұрғысында процестік баға беріп, өздеріне жүктелген міндеттерді адалдықпен атқаруда.
Бұлай айтуымызға себеп, Қызылорда қаласы Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жаназаров Әбдібек Сламбекұлына атына қала тұрғыны Бекенова Раушан Жолдасбекқызы анықтаушыға алғысын білдіріп хат қалдырған болатын. 2022 жылы маусым айында білгісіз адам жұмысқа орналастырып беремін деп жалған мәлімдеумен сенімге кіріп, 81 000 теңге ақшасын алдап, алаяқтың құрбанына түскені жайында Полиция басқармасына арызданған. Анықтаушы полиция аға лейтенанты Диас Мыңайдарұлы қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп, кәсібилігінің арқасында жедел түрде алаяқтық жолымен алынған қаражат жәбірленушіге толықтай қайтарылды.
Өз кезегінде қала тұрғыны Қызылорда қалалық Полиция басқармасының басшылығына және анықтау бөлімінің жеке құрамына өз алғысын білдіріп, алдағы уақытта жұмыстарына табыс тіледі.
Айта кетейік,қызылордалық тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтарға қарсы тұрып, азаматтардың құқығын қорғап қана қоймай, әрдайым көмекке мұқтаж жандарға заң шеңберінде көмек көрсетіп, қоғамның тыныштығын сақтап келеді.

Қызылорда қалалық ПБ баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: