Полиция қызметінің қатарында заңды тәртіпті қатаң қадағалап, азаматтардың құқықтарын қорғап, қызметін адал атқарып, еңбегі еленіп жүрген тәртіп сақшылары аз емес. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «Полиция тәртіп сақшысы екенін сөз жүзінде емес, іс жүзінде дәлелдей білуге тиіс», – деді. Осы полиция саласының ауыр жүгін арқалап, халықтың сенімін биік қойған, жүктелген міндетін адал атқарып жүрген Қызылорда қаласы ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі полиция аға лейтенанты Секербек Бекнұр Нұрқанатұлына жергілікті тұрғын Тлеугалиева Дариға өз алғысын білдірді.
«2022 жылдың 14 желтоқсан күні өзім тұрғылықты мекен – жайыма белгісіз адам ұрлыққа түсіп, алтын және бағалы заттарымды ұрлап кеткендігі жөнінде «102» арнасына арызданған болатынмын. Аталған ісімді тергеуші Бекнұрға жолданып, арыз – шағымымды назарға алып,қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру әрекеттерін жүргізіп, кәсібилігінің арқасында жедел түрде ұрланған заттарымды дер кезінде тауып берді. Айтар рахметім мен алғысым шексіз. Расымен басымызға іс түскенде осы қызмет иелерінің көмегіне жүгінетініміз ақиқат. Күндіз де, түнде де, ыстық пен суықта да ел тыныштығын күзетіп сапта жүретін жанкештілер осы полиция қызметкерлері» – дейді қала тұрғыны.
Біздің басты мақсатымыз: халықпен тығыз байланыс орната отырып, қоғамдық диалог құру, жақсылықтың жаршысы бола жүріп, ел сенімін ақтау. Жақсылық жасап, алғысқа бөленетін күндеріміз көп болсын!
Қызылорда қаласы ПБ баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!