Бейсенбі, 20 қараша, 12:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

20.11.2025

41 0

Фото: polisia.kz

Алматыда полицейлер ұрланған қару жасырылған орынды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматы облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасы мен жедел тергеу тобы және прокуратураның сотқа дейінгі тергеу басқармасы Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған атыс қаруын тапты.

Алматы қаласының Жетісу ауданында Жансүгіров көшесінің бойындағы Үлкен Алматы каналының жанындағы бос ғимараттың ішінде тегіс ұңғылы 12 калибрлі атыс қаруы табылды.

Табылған атыс қаруын криминалдық және ұрланған қарулар базасынан сериялық нөмірімен тексеру барысында жоғалған қару екені расталды.

Бұл қару Қаңтар оқиғасы кезінде аталған қару Алматыдағы Сейфуллин көшесіндегі «Оружейник» дүкенінен жоғалған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: