Бейсенбі, 28 қараша, 13:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік іс-шарасы өтті

23.10.2023

415 0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде жаза мерзімінің аяқталуына байланысты шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азаматтарға «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы өтті.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатуға дайындық кезеңінде бағдарламаға сәйкес психологиялық, медициналық, әлеуметтік-құқықтық көмек, еңбекке және тұрмыстық орналастыру, отбасымен оң байланыстарды нығайту мәселелерінде тәрбиелік іс-шаралар жүргізілді.

          Сотталғанмен босатылатын күні де қолдау және консультациялық көмек көрсету шеңберінде, оны одан әрі әлеуметтік бейімдеу бағытын әзірлей отырып, мекеменің АКАӘПТЖБ-бөлімінің басшысы мен Жасақ бастығының ұйымдастыруымен Қызылорда қалалық пробация қызметінің инспекторы Айтбай Айбек, Қызылода қалалық әкімдігінің «Қалалық жұмыс пен қамту және бағдарламалар» бөлімінің қызметкері Ануарбекова Гаухар мен «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту» орталығының мамандардары арнайы шақыртылды. «Қақпа алдында кездесу» іс-шарасы кезінде: оңалтуға жәрдем көрсететін мемлекеттік мекемелердің байланыс деректерін, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тіркелу, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау орындарында есепке қою және т.б. тәртібін түсіндірді.
«Бұрын сотты болғандарды бейімдеу – бұл қылмыстық-атқару жүйесі органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Қазіргі уақытта қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған адамдарды әлеуметтендіру сотталғандар арасында қайталама қылмыс деңгейін төмендетуге бағытталған негізгі жолдардың бірі болып табылады»- деп түсіндірді АКАӘПТЖБ-бөлімінің жасақ бастығы Рамазан Әлмахан.

 Мөлдір  Жолдасбекқызы  

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: