Сәрсенбі, 18 маусым, 15:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44, 2157
17.06.2025
PDF мұрағаты

Қақпа алдындағы кездесу

18.06.2025

56 0

Жаза мерзімінің аяқталуына байланысты «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы аясында ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде сотталған азаматтарды бостандыққа шығарып салу шарасы өтті.

Шараға Қызылорда қаласының “Мансап” орталығы филиалының қызметкері және Қызылорда қалалық пробация қызметкері, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық жазасын өтеген азаматтарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының заңгері мен психолог маманы шақырылды.

«Қақпа алдында кездесу» шарасы аясында жаза мерзімінің аяқталуына байланысты сотталған азаматтардың денсаулық жағдайы, білім деңгейі, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерінің болуы, сондай-ақ оған көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін анықтау үшін қажетті мәліметтер, жеке тұлғасын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар босатылушы сотталған азаматтарға кәсіптік колледжді бітіргені туралы дипломдар табыс етілді.

Шара соңында босатылушы сотталған азаматтарға босатылғаннан кейінгі тұрмыстық және жұмысқа орналасуы жөнінде құқықтары мен міндеттері, босатылғаннан кейінгі жұмысқа орналасуы үшін керекті құжаттар тізімі, жұмыспен қамту бөлімінің мекенжайы көрсетілген жадынама берілді. Босатылушы сотталған азаматтарды мекеме қақпасынан ата-аналары, бауырлары және достары асыға күтіп алды.


Наргиза Рамазанова,
Қызылорда облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: