Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Қызылорда қаласы Қызылөзек ауылдық округі Қараөзек ауылының тұрғындарымен кездесу өтті. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Жанар Қозыбағарова, ауылдық округ әкімі Сәкен Әбдіжаппар мен Қоғамдық даму басқармасының заңгері Айсана Айбергенова мен қатысты.
Мамандар тұрғындарға еліміздегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы туралы айтып, кез келген жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға шақырды.
Пара алу, пара беру, бюджет қаржысын жымқыру және тағы басқа заңсыз іс-қимылдар үшін сыбайлас жемқорлықтың салдары заңмен қатаң қудаланатыны туралы айтылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша 2023 жылы заңға енгізілетін өзгерістер жобасы жөнінде түсіндірілді. Кездесуге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!