Жұма, 06 маусым, 04:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 -2154
03.06.2025
PDF мұрағаты

“Қарасора- 2025” жедел-профилактикалық іс-шарасы бастау алды

04.06.2025

123 0

Қызылорда облысында 1 маусым мен 31 қазан аралығында “Қарасора – 2025” жедел-профилактикалық іс-шарасы бастау алды. Іс-шараның негізгі мақсаты – есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың жолын кесу, олардың алдын алу және құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен күресті күшейту. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Тоқтыбаев мәлімдеді.

  • Қазіргі таңда елімізде есірткіге қарсы күрес – ішкі істер органдарының басты бағыттарының бірі. Осы мақсатта Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен 1 маусым мен 31 қазан аралығында бүкіл республика бойынша “Қарасора – 2025” іс-шарасы өткізілуде. Бұл шараның басты мақсаты – есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңсыз өсімдіктерді өсіру мен таратуға тосқауыл қою. Облыс көлемінде бұл бағыттағы жұмыстар жоспарлы түрде ұйымдастырылып, барлық аудандық бөлімшелерде мобильді және жедел-тергеу топтары құрылды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлескен іс-қимыл жоспары бекітіліп, техникалық және кадрлық қамтамасыз ету жұмыстары толық жүргізілді. Полиция департаментінің барлық құрылымдарында сенім телефондары іске қосылды. Іс-шара басталған екі күнінде есірткі өсіруге қатысты 5 дерек анықталды. Заңсыз егілген есірткі өсімдіктері жойылды, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі таңда жастар арасында ғаламтор кеңістігі арқылы таралатын синтетикалық есірткілер үлкен қауіп туындатып отыр. Telegram сияқты мессенджерлерде, хабарландыру сайттарында арнайы чат-боттар арқылы жұмысқа шақыру түрінде есірткі тасымалына тарту әрекеттері белең алуда. Жасөспірімдердің құқықтық санасының жеткіліксіздігі салдарынан олар жеңіл табысқа алданып, қылмыстық әрекеттерге тартылып жатыр. Осыған байланысты ата-аналарға балаларының жүріс-тұрысына, ғаламтордағы әрекеттеріне және араласатын ортасына ерекше назар аудару қажеттігін атап өткім келеді. Есірткісіз қоғам құру – бұл тек құқық қорғау органдарының ғана емес, баршамыздың ортақ міндетіміз. Бұл жолда әрбір отбасының, әрбір азаматтың белсенді атсалысуы аса маңызды. Жастарымыздың жарқын болашағы үшін бәріміз бірлесе әрекет етуіміз керек,-деді, Серік Әбдімәуленұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: