Қызылорда облысында аса ауыр қылмыс жасаған күдіктілер ұсталды.
2021 жылдың 15 желтоқсан күні кешкі сағат 18:00 шамасында Қармақшы ауданы, Төретам кентінде аялдаманың жанында белгісіз азаматтар қару қолданған. Салдарынан үш жасөспірім қыз атылған оқтың бөлшектерінен (дробовые) жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.
Полицейлер ізін суытпай күдіктілерді ұстады. Қазіргі таңда бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 3-бөлігімен (Адам өлтіруге оқталу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!