Сәрсенбі, 27 қараша, 18:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қарттарым-асыл қазынам!

02.10.2023

430 0

          Қазыналы қарияларымыздың мерекесі елімізде 1991 жылдың 1 қазанынан бері атап өтіледі. Осы орайда, №68 мекемесі қызметкерлерінің аналары “офицердің анасы” төс белгісімен марапатталды.

          Атап айтқанда, Арнайы есепке алу бөлімінің есеп технигі әділет аға сержанты Менбаева Назерке Орақбайқызының анасына арнайы мекеме басшысының атынан “офицердің анасы” төс белгісі табысталып, гүл шоқтары беріліп, ізгі тілектер айтылды. Бүгінгі айтулы күн мен қатар келген туған күнде Назеркенің анасы үшін үлкен мәртебе бола білді. Сонымен қатар, кадр саясаты тобының инспекторы әділет лейтенанты Даулетиярова Жаннұр Даулетиярқызының анасына арнайы шенді төс белгісін табыстап, мекеме ұжымының атынан гүл ұсынылды. Келесі кезекте АКАӘПТЖБ-нің басшысы әділет капитаны Романқұлов Ерлан Бегімұлы “қарттар күні” мерекесімен тұспа тұс келген анасының туған күніне тосын сый ретінде Шымкент қаласына арнайы барып, “офицердің анасы” атағымен құттықтап,  төс белгісін табыстап, анасына деген махаббатын лебізді тілегімен жеткізді.

          – “Қарттар күні” мерекесі аясында келіп жеткен барлық асыл қазыналарымызды мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз. Даналығы мен нақыл сөздері мен әрбір ұрпағына өсиетті сөздер айтып қанаттандырып келеді. Мекемедегі әрбір қызметкерімнің анасы меніңде анам. Бүгінгі мерекені пайдалана отырып өзімнің ұжымдастарымның беделін арттыру мақсатында аналарына “Офицердің анасы” төс белгісімен марапаттауды жөн санадым. Бұл біз үшін бақыт, қуаныш. Әрбір отбасыда осындай бақыт көбейе берсін. Қазыналы қарияларымыз аман болсын- деп құттықтау тілегін білдірді №68 мекемесінің басшысы әділет майоры Ильясов Қайырбек Есентайұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: