Жексенбі, 22 желтоқсан, 17:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қару-жарақ бароны: ҰҚК өкілдері арнайы операция туралы айтып берді

08.06.2022

1387 0

Қару жасау цехы, Макаров тапаншалары,»Браунинг», «Ультра», «Зигзауэр», қол гранатасы және жарылғыш заттар. Мұндай қару-жарақты Ақмола облысы бойынша ҰҚК қызметкерлері Көкшетау қаласының үш тұрғынынан тәркілеген. Толығырақ Tengrinews.kz тілшісіне ҰҚК баспасөз қызметі өкілдері айтып берді.

2020 жылдың аяғында жедел уәкілдер назарына бұрын сотты болмаған А.Д. іліккен. Оның ықтимал қылмыстық әрекеті туралы ақпарат мұқият тексеруді талап еткен және ол зерттеуге алынған.

Қару-жарақ бароны: ҰҚК өкілдері арнайы операция туралы айтып берді

ҰҚК мәліметінше, жедел уәкілдер А.Д. сыбайластары арқылы травматикалық және газ тапаншаларын сатып алғанын, кейін оларды арнайы жабдықталған шеберханада атыс қаруына айналдырғанын анықтады. Ол оқ жаудыратын тапанша жасап шығарған. Бірақ бұл ақпарат қылмыскерді ұстауға жеткіліксіз болған.

Қару-жарақ бароны: ҰҚК өкілдері арнайы операция туралы айтып берді

«Мұндай жағдайда нақты дәлелдер қажет. Оның үстіне А.Д. қару-жарақпен айналысатыны туралы ақпарат болған. Сонда бізден белсендірек шаралар қажет болды», – ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаментінің жедел уәкілі.

Қару-жарақ бароны: ҰҚК өкілдері арнайы операция туралы айтып берді

2021 жыл қарсаңында кезеңдердің бірі сәтті аяқталды – нысаннан 200 мың теңгеге Retay Baron тапаншасы сатып алынды.

Күдіктіні қамауға алып, істі сотқа жолдауға мүмкіндік туды. Алайда жедел уәкілдер қару сатып алуға дайындалып жатқан кезде А.Д-ның қылмыстық әрекеттері туралы жаңа мәлімет пайда болған.

«Сондай-ақ, ол қолдан жарылғыш құрылғыларды жинаумен де айнылысқан», – деп бөлісті ҰҚК баспасөз қызметі өкілдері.

Қару-жарақ бароны: ҰҚК өкілдері арнайы операция туралы айтып берді

2021 жылы қаңтардың ортасында одан қолдан жасалған жарылғыш құрылғы сатып алынған. Сондай-ақ, тапаншаны сату, жарылғыш құрылғы құрастыру, жауынгерлік тапаншаның бөлшектерін жасау құжатталған. Сараптама олар белгіленген мақсатқа сәйкес екенін растады. Қолда бар материалдарды ескере отырып, А.Д-ның заңсыз қызметіне барлық дәлел жиналып, оның барлық қылмыстық байланысы анықталған.

Қару-жарақ бароны: ҰҚК өкілдері арнайы операция туралы айтып берді

15 сәуірде «үштік» ұсталды. Н.М. жарылғыш құрылғы құрастырумен айналысқан, А.К. қажетті бөлшектерді дайындау бойынша токарлық жұмыстарды жүргізген.

Тінту кезінде 2 Макаров тапаншасы, 3 Retay Baron тапаншасы, қол гранатасы, 80 патрон және 96 қолдан жасалған жарылғыш зат тәркіленді.

Қару-жарақ бароны: ҰҚК өкілдері арнайы операция туралы айтып берді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: