Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 07:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қару-жарақты өз еркімен тапсырғандарға 345 мың теңгеге дейін сыйақы беріледі

06.04.2023

625 0

Заңсыз сақталған және тіркелмеген қару-жарақ, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды полицияға тапсырып, сыйақы алу мүмкіндігін беру үшін Астанада 10 сәуірден бастап бір ай арнайы шара өтеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«10 сәуірден бастап заңсыз сақталған қару-жарақ, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды қабылдау республикалық акциясы басталады. Сондай-ақ тіркелмеген қару-жарақты өз еркімен тапсырған азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауаптан босатылады», – деді Астана қаласы полиция департаментінің ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы, полиция подполковнигі Азамат Әмен. 

Сонымен қатар полиция департаментінің өкілі қару-жарақты өз еркімен тапсырған жағдайда сыйақы берілетінін айтты.

«Қаруды ерікті түрде тапсырған азаматтарға оның түріне қарай 10-нан 100 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) дейін сыйақы қарастырылған. Яғни қарудың түріне, санатына және сақталу жағдайына қарай 34 500 теңгеден 345 мың теңгеге дейін сыйақы тағайындау көзделген. Қару-жарақты қабылдау үш санатқа бөлінеді. Бірінші – техникалық жағдайы өте жақсы деңгейде сақталған қару, оған 100 пайыз көлемде сыйақы беріледі. Екінші санаттағы қару-жараққа 70 пайыз, ал үшінші санатқа жатса, 30 пайыз көлемде сыйақы тағайындалады. Ескеретін жайт, сыйақы қару-жарақтың негізгі бағасына негізделеді, ол үшін сала сарапшыларымен кеңесеміз», – деді полиция подполковнигі. 

Оның айтуынша, криминалдық іске қатысы бар, ұрланған және ресми тіркелген қару-жарақ сатып алынбайды және оған сыйақы берілмейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: