Сенбі, 21 желтоқсан, 18:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қаржы жымқырған алаяқ әйел ұсталды

05.04.2021

1548 0

2021 жылдың 3 сәуір күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына  үш  облыс орталығының тұрғыны ақшасын қайтаруға арыз түсірген болатын. Белгілі болғандай, өткен жылдың желтоқсан айында белгісіз біреу үш азаматшаны алдау арқылы несие алдыртып 2 500 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.  

    Көп ұзамай жәбірленушілер алаяқтан ақшасын қайтаруды талап етеді. Бірақ,  ақшасын алдау жолымен иемденген алаяқ қаражатты қайтаруға асықпады.

           Басқарманың жұмыста тәжірибесі мол қызметкерлерінің арқасында жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 1987 жылғы қала  тұрғыны құрықталып,  өз кінәсін толықтай мойындады. Алаяқтың өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

          Күдіктіге қатысты, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы  (Алаяқтық, бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амадары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

         Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: