Жексенбі, 22 желтоқсан, 20:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қасіретті қаңтар: Қызылордада келіссөздер кезінде шабуылшылар бөлім басшысының бетіне оқ атқан

12.04.2022

1055 0

ҚР бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғасы кезінде бөлім басшысының қайғылы қазасының жай-жапсары жөнінде айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қилымжановтың айтуынша, 5 қаңтарда Қызылорда облысы ІІД жергілікті полиция қызметінің ғимаратына қарулы шабуыл жасалған.

«Жүк көлігіне мінген лаңкестер ғимараттың қақпасын соғып жүріп аңшы мылтығынан оқ атқан. Сондай-ақ олар бақылау-өткізу пунктін, жедел басқару орталығының камералары мен патрульдік көліктерді өртеген. Полиция қызметкерлері қызметтік қаруды қолданды: олар шабуыл жасаушылардың аяқ-қолын көздеген. Алайда бұл оларға тосқауыл болмады. Ішімдік пен есірткінің уытына мас болған шабуылшылар ғимаратқа бірнеше рет басып кірген», – деді ол.

Қақтығыс кезінде 6 шабуылшы полиция басшылығын келіссөздерге шақырған.

«Келіссөзге қатысушылардың бірі кесілген мылтықпен рота командирі Естаевқа оқ атқан. Қарулы адамның өзі қарсы атылған оқтан қаза тапты», – деді прокурор бөлім басшысының өлімі жайлы айтып.

Сонымен қатар, ол қоршауда қалған 12 сағаттың ішінде Қызылорда облысында жергілікті полиция қызметінің ғимаратына 10-нан астам қарулы шабуыл жасалғанын қосты. Оларға қарсылық көрсету кезінде 20 шабуылшының көзі жойылған.

Сондай-ақ Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының ғимаратына да басып алу әрекеті жасалған. Оларға қарсы тойтарыс кезінде қаза тапқан төрт шабуылшыға қарсы қару қолданылған.

Бұған дейін Елдос Қилымжанов 547 адам жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілініп, оның 269-ы қамауға алынғанын айтқан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: