Бейсенбі, 26 желтоқсан, 22:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қатал қызметтегі аналар

22.06.2023

1198 0

Қоғамда погон тағу тек ер азаматқа тән деген ұғым бүгін мүлдем өзгерген.

Өйткені, барлық салада әйелдер ерлермен иық тиістіре еңбек етіп келеді. Соның ішінде, қылмыстық атқару жүйесінде абыройлы еңбек етіп, отбасына ерекше көңіл бөліп, көп баланың анасы атану ерлікпен пара-пар.

Осы орайда, Қызылорда облысы ҚАЖД- ға қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде қызмет пен отбасын қатар алып ел тәуелсіздігін орнықтыру жолында ерен еңбек етіп жүрген погондағы аналар Омарова Салтанат Темірланқызы мен Ахметова Әйгерім Сейілханқызы.

Салтанат 2008 ж Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетін тәмамдаған соң, ЗК-169/4 Тартоғай елді мекеніндегі қоныс колониясының Арнайы есепке алу бөліміне жұмысқа орналасады.

Сол уақыттан бері 15 жыл ҚАЖ саласында тегеурінді еңбек етіп жүрген өз ісінің жауапты да, іскер маманы.

  • Менің түзеу мекемесінде қызмет атқаратындығыма болашақ жарым қарсы болған жоқ. Ерте кетіп, кеш келетін қатал қызметіме түсіністікпен қарайды.

2009 жылдан бері осы мекемеде жұмыс жасап келемін. Негізгі міндетім мекеме қамауындағыларға әкелінген сәлем-сауқаттарды жіті тексеру болып табылады.

Таңғы сегізден кешкі алтыға дейін күніне кем дегенде 100- ге жуық сәлем-сауқат қабылданады.Тікемнен тік тұрып, әр келген заттың бірін кесіп, бірін аршып, ыстық тағамдарды басқа ыдысқа аударып, ішке алып өтуге тыйым салынған заттың өтіп кетпеуін қадағалаймын.

Қатық пен сусындарға дейін арнайы темір құрылғымен, мұқият тексеріп барып ішке өткіземіз. Жұмыс барысы физикалық та, моральдік жағынан да денеге күш, санаға салмақ салады.

Әйтседе, бұл шаршаудың бәрін үйге барғанда ұмытып кетемін. Өйткені, отбасымда қамқор жарым, қылықтарымен сүйсінтер ұл-қыздарым бар.Қызметімнің қиындығы бақытты болуға әсер етпейді.

Қайта, ҚАЖ қызметкері ретінде, иығымдағы погонның салмағын сезініп, өзгелерге үлгі берер тұлға болуға талпынып келемін – дейді, РжКБ-нің әділет старшинасы С.Омарова.

Ал, Арнайы есепке алу бөлімінің есеп технигі Ахметова Айгерім қатал қызметтегі жас аналардың бірі. Жары Қазбеков Берікпен осы салада 7 жылдан астам уақыттан бері қызмет атқарып келеді.

Кезінде екеуі Арнайы есепке алу бөлімінде бірге жұмыс жасаған. Оларды табыстырған тегеурінді тергеу изоляторындағы қызмет барысы болатын. Әдепті Әйгерімнің әдемі әлемін таныған Берік өмірлік серігі болуға ұсыныс жасаған.
Бүгінде үш баланың анасы атанған жас ана шынында да, отбасы мен қызметінде үлгілі жан.

  • Істі болғандардың іс-қағаздарымен жұмыс жасау аса жауапкершілікті талап етеді. Этап болған күндері ерте келіп, кеш кетесің. Ондай сәттерде үйдегі балаларыма қамқор боып отырған анам (енем)менің жоқтығымды білдірмейді. Жұмыстан кеш барсамда үй шаруасын тындырып, отбасыма аса көңіл бөлемін. Ұлттық дәстүрімізге сай, кішіпейілділік таныту, әйелге тән нәзіктігімді сақтап жүруге иығымдағы погон әсерін тигізбейді. Қайта погон салмағы ауырлаған сайын, қадірім артып келеді- дейді, әділет аға сержанты, үш баланың анасы Әйгерім Сейілханқызы.

Ия, шынындада аға сержант өз ісінің білікті маманы. Қылмыстық атқару комитеті мен Полиция басқармасы және ҚАЖ департаменті тарапынан бірнеше алғыс хаттарымен марапаталған.
Көркем мінезімен ұжым мен жақындарына сыйлы жан.

Қылмыскерлер ұсталынатын мекемеде жұмыс жасау нәзік жандылар үшін әрине қиын. Әйтседе, Салтанат пен Әйгерім қатаң тәртіп пен нәзіктіктіне кәсібилікті үйлестіріп, тәуелсіздігін орнықтыру жолында, тиісінше үлестерін қосып келе жатқан азаматшалар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: