Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Қауіпсіз жол»: авариялық учаскелер тексерілді

19.02.2021

1505 0

Қызылорда облысында 17 ақпанда «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы  басталды.    

          Жол-көлік оқиғаларының өсуіне әсер ететін жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған жедел профилактикалық іс-шарасы 17 –  19 ақпан аралығында өтеді.    

Іс шараның 2 күнінде барлығы 743 әкімшілік құқық бұзушылық  тіркелді. Ішімдік ішіп, көлік жүргізген 10,  жолдың қарсы бағытына шыққан  2, авариялық жағдай туындатқан 11, жаяу жүргіншіге жол бермеген 33, құжатсыз көлік басқарған 27 жүргізуші анықталды.   

Сонымен қатар, көлік басқару құқығынан айрылған адамның көлік басқаруының 5 дерегі анықталса, барлығы 37 автокөлік ақылы айып алаңына қойылып, 20 автокөліктің қозғалысын шектеу мақсатында мемлекеттік белгілері алынды. Айыппұл төлеуден жалтарып жүрген 13 жүргізушінің автокөліктері айып тұрақтарына қойылды.

«Алдын алу шараларын күшейтудің нәтижесінде облыс көлемінде жол – көлік оқиғалар саны азайды. Полиция қызметкерлерімен жүргізілетін профилактикалық шаралар барысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жаяу жүргіншілер тарапынан жасалған жол қозғалысы ережелерінің сақталуына айрықша назар аударылуда. Ұзындығы 88 шақырымды құрайтын авариялық учаскелер тексеріліп, 11 жол белгілері орнатылды» дейді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлы.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: