Бейсенбі, 20 қараша, 00:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

«Қауіпсіз жол»: Ел жолдары бір апта бойы қатаң бақыланады

19.11.2025

46 0

Фото: polisia.kz

18-23 қараша аралығында республика аумағында жол-көлік оқиғаларының жолын кесуге бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараны жүргізу қажеттілігі адам шығынымен болған ауыр жол апаттары себеп болып отыр. ЖПІШ барысында: 

  • Патрульдеу маршруттары мен полиция қызметкерлерінің саны барынша көбейтіледі. 
  • Биыл адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғалары 31% өскені байқалады. Сондықтан облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда рейдтік іс-шаралар үздіксіз ұйымдастырылады. 
  • Жылдамдық режимін сақтау, басып озу және қарсы жолаққа шығу талаптарын бақылау күшейтілді. 
  • Заңсыз тасымалдаушылар мен такси қызметіне қатысты тексерулер жандандырылды. 
  • Елді мекендерде жаяу жүргіншілерді қағып кету жағдайларының алдын алу бойынша да қосымша шаралар қабылданады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: