Дүйсенбі, 02 маусым, 02:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40,2153
31.05.2025
PDF мұрағаты

“Қауіпсіз жол” профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

26.05.2025

254 0

Қызылорда облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтті. Шара барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің тәртібін бақылау кең көлемде жүргізілді.

Іс-шара қорытындысын Қызылорда облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Мұратбек Манатов баяндады. Бұл шара жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі.

– Іс шара барысында мектептерде және білім ұйымдарында 300-ге жуық жол ережесі бойынша семинарлар өткізілді. Сонымен қатар, «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» автожолында кемпингтерде және демалыс орындарында жүргізушілерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Осы автожолдың бойында жергілікті атқарушы органдарды қатыстыра отырып, екі мәрте жолда қабылдау акциясы өткізілді. Іс-шара барысында Қызылорда облысының Полиция департаментінің 352 қызметкері, 134 автопатрульдеу бағытында патрульдік полициясының -212, учаскелік полиция 122 және қалалық, аудандық бөліністерінің басқа салаларынан 18 қызметкер жұмылдырылса, басқа қызмет салаларынан 23 қызметкер жұмылдырылды. Іс-шараның 30 күнінде жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша 10 975 құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар, 1281 автокөлік айып тұрағына қойылып, 377 автокөліктің қозғалысын шектеу мақсатында мемлекеттік тіркеу белгілері алынды,- деді Мұратбек Мейрамбекұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: