Жұма, 13 ақпан, 11:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№11 (2223)
10.02.2026
PDF мұрағаты

Қауіпсіздік мәдениеті – ортақ міндет

13.02.2026

54 0

Көлікті дұрыс басқару – адамның амандығын сақтаудағы амал. Мұны назарға алған ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесі жеке құрам қызметкерлеріне түсіндірме жұмысын жүргізуді тоқтатқан емес. Яғни, жол патрульдік полициясы шақырылып, қажетті ақпараттар айтылатыны соған дәлел.

Кездесу барысында сала маманы жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңызын, жылдамдықты шектен асырмаудың адам өмірін сақтаудағы шешуші рөлін нақты мысалдармен тарқатты. Сондай-ақ, кез келген уақытта құжаттардың түгел болу керектігін тілге тиек етті. Тіпті, ауа райы жағдайын ескеру секілді талаптар төңірегінде жан-жақты мәлімет те берілгені рас. Ашық форматта өткен кездесуде сұрақ-жауапқа да кезек беріліп, қызметкерлер тәжірибелік кеңеске қанықты.

– Жол – асығыстықты емес, ойлылықты талап ететін кеңістік. Әрбір бұрылыстың, әрбір шешімнің артында адам тағдыры тұрғанын ұмытпауымыз керек. Көлік басқару – тек техникалық әрекет емес, тәртіп пен саналы таңдаудың да көрінісі. Егер біз жолда бір-бірімізге құрметпен қарауды үйренсек, бәріне мұқият болсақ, қауіптің де саны азаяды, – дейді ҚПБ ЖПҚБ ППБ Рота командирі Полиция капитаны Бағдат Насыров.

Тәртіп пен сақтық – қауіпсіздіктің кепілі екенін алға тартсақ, оған бейжай қарамау артық мәселе туындатпайтыны анық.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: