Жұма, 16 мамыр, 04:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35,2148
13.05.2025
PDF мұрағаты

Қазалыда пробация есебіндегі азаматтарға психологиялық тренинг өткізілді

15.05.2025

77 0

Қазалы ауданындағы Руханият орталығында пробация қызметі, Жастар ресурстық орталығы, аудандық жұмыспен қамту және білім бөлімдерімен бірлесе отырып, пробация есебінде тұрған 12 сотталған азаматқа арналған психологиялық тренинг ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты — пробация есебіндегі жастардың әлеуметтік бейімделуіне көмектесу, оларға психологиялық көмек көрсете отырып, өмірлік қиын жағдайлардан шығу жолдарын көрсету.

Тренинг барысында кәсіби психолог мамандар қатысушылармен түрлі психологиялық жаттығулар өткізіп, оларды қызықтырған сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар, өмірлік мотивация, өз-өзіне сенімділік және эмоциялық тұрақтылық тақырыптарында кеңестер берілді.

Мұндай шаралар қоғамнан оқшауланбаған сотталған азаматтардың оңалуына және қайта әлеуметтенуіне қолдау көрсетуді көздейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: