Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 23:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазалыда «Заң керуені» акциясы аясында арнайы топ тұрғындарды қабылдады

20.05.2022

1302 0

Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен өңірдегі барлық елді мекендерді қамтитын «Заң керуені» акциясы жүзеге асырылуда.

Аталған шараның басты мақсаты – облыс көлеміндегі ауылдарға барып, тұрғындармен кездесу, олардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап беріп, өтініштерін қарап, құқықтық көмек көрсету.
Осыған орай бүгін Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Нұрлан Ерманов бастаған облыс прокурорының аға көмекшілерінен және басқарма басшыларынан құралған арнайы топ іссапармен Қазалы ауданында болды.

Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығында өткен шараны аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ашып, ауданымызға арнайы келген топ құрамымен таныстырды.

Басқосуда Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Нұрлан Ерманов пен аудан прокурорының міндетін атқарушы Дінмұхаммед Упабеков сөз алып, акцияның маңыздылығын түсіндірді.

Мұнан соң арнайы топ өкілдері басқосуға келген тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, сұрақтарына жауап берді.

«Заң керуені» акциясы аясында мұндай кездесулер Қазалы қаласы мен барлық ауылдық округтерде ұйымдастырылып, жеке қабылдау, əлеуметтік нысандардың жағдайын білу, тұрғындармен əңгімелесу, елді мекеннің жалпы жағдайын зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Арнайы топпен жалпы әр ауыл бойынша қалыптасқан проблемалық мəселелердің тізімі жасақталып, тиісті жұмыстар жүргізу үшін бақылауға алынды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: