Сәрсенбі, 08 сәуiр, 18:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№25 (2237)
07.04.2026
PDF мұрағаты

Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

08.04.2026

40 0

Фото: Орталық Кеңес

Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалар қаупін азайту орталығының базасында Қазақстан тарапының төрағалығымен Орталық Кеңестің он сегізінші отырысы өтті.

Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Отырыс жұмысына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов және Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Канатбек Чыныбаев, сондай-ақ Кеңес мүшелері мен бейінді бөлімшелердің өкілдері қатысты.

Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Іс-шара барысында орталықтың 2025 жылғы қызметінің қорытындысы ұсынылып, 2026 жылға арналған жұмыстың басым бағыттары айқындалды. Қатысушыларға Орталық Азия елдерінде апаттар қаупін азайту, климаттың өзгеруіне бейімделу және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу салаларындағы жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынылды.

Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

2025 жылы Орталық өңірлік ынтымақтастықты дамытуға, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен халықтың төтенше жағдайларға дайындығын арттыруға бағытталған кешенді іс-шаралар жүзеге асырылғаны атап өтілді.

Өз сөзінде Шыңғыс Әрінов Орталықтың өңірлік мемлекеттердің күш-жігерін үйлестіру, тәжірибе алмасу және төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласында келісілген шешімдер әзірлеу үшін тиімді алаң ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Орталықты одан әрі дамыту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Отырыс соңында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және оның қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған Орталық Кеңесінің тиісті шешіміне қол қойылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: