Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 10:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан президенті әскери доктринаға өзгеріс енгізді

18.10.2022

709 0

Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы президентінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 554 жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жарлыққа қол қойды.

Өзгертілген әскери доктринаның кейбір қағидалары: Стратегиялық бағыттарда әскерлердің (күштердің), қару-жарақтың, әскери техника мен материалдық құралдар қорларының қажетті жиынтығын жасау есебінен мемлекеттің әскери ұйымының құрлық, әскери-әуе және әскери-теңіз құрауышының жауынгерлік әлеуеті арттырылды. Әскерлердеақпараттық-психологиялық және бағдарламалық-техникалық (кибер) әсер етуге қарсы іс-қимылды ұйымдастыру үшін Қарулы Күштерде бөлімшелер құрылды.

Олардыңәлеуеті мен мүмкіндіктерін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде. Әскери мақсаттағы ақпараттандыру объектілерінде ақпаратты қорғаудың қазіргі заманғы проактивті жүйесін қалыптастыруға бағытталған техникалық және кадрлық әлеуетті дамыту жөнінде жүйелі жұмыс жүргізілуде. Аумақтыққорғаныс жүйесін мемлекеттің әскери қауіпсіздігін және қорғанысын қамтамасыз етудің ортақ жүйесіне интеграциялау шеңберінде Қарулы Күштер құрамында аумақтық қорғанысты басқару органы құрылды. Мемлекеткетөнетін әскери қатерге жедел ден қоюды қамтамасыз ету мүддесінде Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әуе-көлік мүмкіндігін күшейту жөнінде алдын ала шаралар қабылдануда.

Әскерлердің ұтқырлығын арттыру және әскери қауіпсіздікке төнетін қазіргі заманғы қатерге барабар ден қою мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрылымын жетілдіру, құрамын күшейту және инфрақұрылымын дамыту жөніндегі шаралар дәйекті және жоспарлы түрде жүргізілуде. Дағдарыстыжағдайлар мен ішкі қарулы жанжалдың жолын кесу кезінде, оның ішінде әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың, төтенше және соғыс жағдайының құқықтық режимін қамтамасыз ету кезінде міндеттерді шешу үшін әскерді қолданудың жаңа нысандары мен әрекет ету тәсілдері енгізілуде.

Стратегиялық бағыттарда әскер топтарын (күштерді) тұрақты және үздіксіз қамтамасыз ету үшін Қарулы Күштерді тылдық және техникалық қамтамасыз етудің ұтқыр және стационарлық құрауыштары құрылды. Мемлекетті жұмылдыра дайындау шеңберінде басқарудың тұрақтылығын арттыру және мемлекет экономикасын соғыс уақытына ұйымдасқан түрде көшіру, мемлекеттің әскери ұйымының және тұрғындардың материалдық резервке қажеттілігін қанағаттандыру, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бірлігінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шаралар іске асырылуда.

Қазақстан Республикасы елдегі ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекетке қарсы әскери жанжалдың басталу қатерінің алдын алуға, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуды кеңейтуге, халықаралық терроризмге және экстремизмге қарсы күреске, сондай-ақ мемлекеттің әскери ұйымын Қазақстан Республикасын және оның одақтастарын қарулы қорғауға жоғары әзірлік деңгейінде ұстауға ниеттенеді. Әскери-саяси, әскери-стратегиялық және әскери-экономикалық саладағы қызмет бағыттары, жұмылдыру дайындығы, сондай-ақ мемлекеттің әскери ұйымын дамыту шеңберінде тиісті шаралар көзделеді.

Қазақстан Республикасына төнетін әскери қатердің алдын алу және жолын кесу үшін тиімді шараларды қабылдаумен қамтамасыз етілетін болады. Қазақстан Республикасының шекаралық кеңістігіндегі шекаралық қарулы жанжалды шешуді Шекара қызметі ҚР ҰҚК Авиация қызметімен, Шекара академиясымен, ұлттық қауіпсіздіктің өзге де органдарымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және Ұлттық ұланының басқару органдарымен, құрамаларымен және әскери бөлімдерімен өзара іс-қимылда жүзеге асырады, қажет болған кезде басқа да мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары қолданылуы мүмкін. Әскери-экономикалық саладағы қызмет мемлекеттің әскери ұйымының қажеттілігін бейбіт және соғыс уақытында жұмыс істеу және одан әрі дамыту үшін жеткілікті көлемде қаржылық, материалдық-техникалық және басқа да ресурспен қанағаттандыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы іс-шарасы Қазақстан Республикасын қарулы қорғау мүддесінде соғыс уақытында мемлекетті тұрақты басқаруды қамтамасыз ету, мемлекет экономикасын бейбіт кезден соғыс жағдайы режиміне ұйымдасқан түрде көшіруді қамтамасыз ету, мемлекеттің әскери ұйымының және ел тұрғындарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету, жауынгерлік іс-қимыл және аумақтық қорғаныс аймақтарында экономика салалары мен әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмыс істеп тұруы мақсатында жүргізіледі.

Жарлықтың толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: