Бейсенбі, 25 сәуiр, 05:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда 10 жұптың 7-еуі құмар ойынның кесірінен ажырасады

23.05.2023

517 0

Ойынға тәуелділік қоғамдық дертке айналып барады. Бұл жағдай депутаттар мен құзырлы министрлікті де алаңдатып отыр. Елде тиісті заңға түзетулер енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Құмар ойынның жетегінде кеткендер саны 350 мыңнан асады. Олардың орташа қарызы 10 млн теңге. Тәуелсіз зерттеушілердің соңғы есебі осындай. Алайда, депутаттар бұл санның еселеп артқанына сенімді. Руслан Берденов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: – Күніне 100 мың адам орташа осы ойындарды ойнап отырады. Бәс тігеді. Онлайн казинода отырады. Бұл күніне. Сол үшін орташа есеппен бір млн-нан көп мұны ойнап жатқан адам. Бұл қоғамымыздың үлкен проблемасы болғаны анық. Ол жақта бір сараптама жасаудың қажеті жоқ. Қаншама суицид болып жатыр. Оны көріп жатырмыз. Қаншама отбасы ажырасып жатыр. Оны көріп жатырмыз. Қанша адам микрозаим алып, тығырыққа кіргенін біз көріп жатырмыз. Руслан Берденов лажы болса, ойын бизнесіне түбегейлі тыйым салу керек дейді. Заңға тиісті өзгеріс енгізуге мәдениет және спорт министрлігі де мүдделі. Оған сай банктер мен төлем жүйелеріне шетелдік ұйымдастырушылардың заңсыз қызмет көрсетуіне тыйым салынады. 21 жасқа толмаған азаматтарды ойынға тарту да бизнес өкілдері үшін тиімсіз болмақ. Жауапкершілік күшейтіледі. Сондай-ақ несиесі кешіктірілген азаматтарға ставка қоюға, тіпті казиноға кіруге рұқсат етілмейді. Ең бастысы, көшелерде ойын бизнесіне жарнама жасауға тыйым салу көзделеді.  Ержан Еркінбаев, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі: – Агрессивті түрде бүгін басып кеткен қалаларды жарнама, соны шектеу. Букмекерлердің рекламалары болмау керек. Қаланың ішінде болмау керек. Тек қана исключение ретінде спорттық немесе чемпионат болса, сол кезде арнайы рубрикада оны қалдыруға болады. Бірақ қаланың ішінде, әсіресе мектептердің төңірегінде болған жарнаманы шектеу керек. Бірақ құмар ойыншыларды құнықтырып жатқан жарнама емес. Ойын бизнесінің өкілдері осылай дейді. Олар бәс тігуге оңай олжалы болу деп қарамауға кеңес береді. Ойынның ойсыз әрекетке айналмауы – әр азаматтың жауапкершілігінде дейді. Андрей Жарков, букмекерлік компанияның сыртқы байланыс жөніндегі директоры: – Жарнаманың жаман әдетке әсер етеріне еш дәлел жоқ. Мысалы, темекі өнімдері мен алкогольге тыйым салынды. Бірақ темекі шегетіндер мен ішімдік ішетіндер азайды дей алмаймыз. Әрине, біз көмектен қашпаймыз. Денсаулық сақтау министрлігі мен басқа да ведомстволарға мәселені шешу жолдарын ұсындық. Біз әрқашан диалогқа ашықпыз және лудоманиядан зардап шегетін адамдарға көмектесуге бағытталған шаралар пакетіне қатысуға дайынбыз. Ал әзірге букмекерлерді ешкім тексере алмайды. Бюджетке уақытылы салық түсіп жатыр. Бір қарағанда бәрі ойдағыдай. Алайда депутаттар мен министрлік өкілдері қазіргі ашықтыққа күмәнмен қарайды. Олардың есебінше, ойын бизнесіндегі күнделікті айналым 3,5 млрд теңгеге жуықтаған. Оны жылға шақсаңыз, трлн теңгеден асады. Ержан Еркінбаев, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі: – Өткен жылдың қорытындысын алсақ, бүкіл ойын индустриядан түскен салық көлемі 109 млрд теңге. Индустрияда жұмыс істеп жүрген адамдардың саны 13 мың адам. Сондықтан, индустрияның көлемі салмақты.  Бірақ сонымен бірге көлеңкедегі бизнестің де болу мүмкіндігі әрине бар. Соны да шектеу үшін мониторинг керек болып тұр. Қазір елімізде 6 казино, 10 букмекерлік кеңсе, 10 автомат залы мен бір лоторея операторы қызмет етеді. Алайда, құмар ойынның құдығына түскендер азаймай тұр. Сенесіз бе? Денсаулық сақтау министрлігінің есебінше, елде бар-жоғы 9 лудоман бар. Шынайы тәуелділердің қатары бұдан әлдеқайда көп. 2500 адам мүмкіндігін пайдаланып, өзін-өзі құмар ойыннан шектеген. Ал заңдағы өзгерістер жыл соңында қабылдануы керек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: