Бейсенбі, 23 қазан, 13:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда дипфейк жасайтындар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

23.10.2025

60 0

Фото: fingramota.kz

Қазақстанда дипфейк жасайтындар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Сенаттың кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазір телефон арқылы жалған қоңыраулар ұйымдастыру, дауыс қолдан жасау сияқты жағдайлар жиілеп барады. Бірақ мәселе тек сонымен шектелмейді. Біз әлеуметтік желілерде де түрлі адамдардың атынан жасалған жалған видеолар мен мәлімдемелерді көріп отырмыз. Ондай жазбаларда шындыққа жанаспайтын пікірлер айтылады, жоқ оқиғаларға қолдау білдіргендей көрініс жасалады. Яғни, сөз тек жалған қоңыраулар туралы емес, – деп атап өтті Сенат төрағасы.

Сондай-ақ ол ЖИ дамыған сайын пайда болатын проблеманы да атады.

Мақал бар ғой: «Орманға тереңірек кірген сайын, отыны көбейеді». Бұл – тек бастамасы, алғашқы белгілері ғана. Технологиялар, әсіресе жасанды интеллект дамыған сайын, мұндай фейктер, бұрмаланған ақпарат пен манипуляциялар үлкен проблемаға айналады. Бірақ мұны жасап отырған – жасанды интеллекттің өзі емес, адамдар. Сондықтан жауапкершілік те соларға жүктелуі керек. Мұндай әрекеттер алаяқтық, қорқытып ақша алу немесе заңсыз қаржы жинау баптары бойынша қарастырылуға тиіс. Әрине, бұл өте нәзік мәселе, құқықтық тұрғыдан жан-жақты талдауды қажет етеді. Ал егер аталған заң қабылданса, келесі кезеңде жауапкершілік мәселесін нақтылау қажет болады, – деді Мәулен Әшімбаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: