Бейсенбі, 02 қазан, 17:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда қос азаматтығы бар 700-ге жуық адам анықталды: заң қатая ма?

02.10.2025

54 0

Фото: gov.kz

Қазақстанда көші-қон заңнамасын бұзу деректерін, соның ішінде қос азаматтыққа қатысты жағдайларды анықтау жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қос азаматтық фактісі бойынша 693 жағдай тіркелді. Мұндай жағдайда азамат Қазақстан азаматтығынан айырылады, – деді Игорь Лепеха.

Еске салайық, Қазақстан Конституциясы қос азаматтыққа қатаң тыйым салады. Жақында Мәжіліс депутаттары бұл мәселеге қатысты алаңдаушылық білдірген болатын. Олардың айтуынша, заңға қарамастан, кейбір азаматтар екінші төлқұжатын жасырып, еліміздегі барлық құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланып жүр. Ал мұндай фактілер анықталған жағдайда жауапкершілік тек шамамен 690 мың теңге көлеміндегі айыппұлмен шектеледі.

Депутаттар қос азаматтық үшін жазаны күшейтіп, тіпті қылмыстық жауапкершілікке дейін жеткізуді ұсынды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: