ҰҚК Шекара қызметі 2025 жылы қазан айында құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, шекара кеңістігінде 4 743 заң бұзушыларды ұстады, соның ішінде 4 077 шетел азаматын, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 1 708 фактісінің алды алынды, соның ішінде:
- 75 – қарулар мен оқ-дәрілер (2 дана жауынгерлік, 3 дана жарақат, 258 дана суық қару, 13 дана оқтауға жарамсыз «АК-74» автоматтары, 36 дана оқ-дәрілер және 2800 дана атыс қаруының жинақтауыштары);
- 531 – жалпы сомасы 14 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары;
- 867 – жалпы сомасы 4,2 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
- 235 – жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
Каспий акваториясында 106 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:
- 24 дана жүзу құралдары;
- жалпы ұзындығы 136 км аса торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
- 496 дана (шамамен 2 900 кг) бекіре балықтарының түрлері;
- Қызыл кітапқа енген төрт итбалық;
- алды алынған залал сомасы шамамен 1,1 млрд теңгені құрайды.
Бұл фактілер бойынша материалдар іс жүргізушілік шешім қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді. Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ.
Сонымен қатар, «Сырым», «Әлімбет» және «Қосақ» өткізу пункттерінде қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл шекарадан өту кезінде күту уақытын ұзартуы мүмкін. Осы мән-жайларды ескеріп, қозғалыс маршрутын алдын ала жоспарлау сұралады. Басқа пункттер тұрақты режимде жұмыс істейді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
