Сәрсенбі, 26 қараша, 10:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90 (2202)
25.11.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда жанармай ұрлау схемасы әшкереленді

26.11.2025

15 0

Фото: Tengrinews.kz

Қарашада Ақтөбе облысында полицейлер мұнай өнімін жалған құжаттар арқылы ұрлау және тасымалдаумен айналысқан адамдар тобының әрекетін әшкереледі. Екі өңірде ұйымдастырушылардың нұсқауымен шамамен 60 тонна мұнай өнімін заңсыз тасымалдаған жүк көліктерінің жүргізушілері ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz 

«Тұрғын үйлер мен бір кәсіпорында жүргізілген тінтулер барысында шамамен 400 тонна мұнай өнімі, сондай-ақ атыс және газ қарулары, заңға қайшы операцияларды растайтын құжаттар тәркіленді», – делінген хабарламада.

Басқа қылмыстық іс шеңберінде шетелге мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен шығару арнасына тартылған компанияның қызметі тексеріліп жатқаны айтылды.

Алдын ала деректер бойынша кәсіпорын құны шамамен 8 миллиард теңге болатын 30 мың тоннадан астам жанармайды экспорттаған. Қазанда мемлекеттік шекарадағы теміржол өткізу пункттерінің бірінде көрші мемлекетке осы компанияға тиесілі 300 тонна жанармай алып бара жатқан төрт вагон анықталған.

Анықталған барлық дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалған. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: