Бейсенбі, 28 қараша, 01:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру ережелері өзгереді

08.09.2021

2367 0

Ішкі істер министрлігі мен қаржы министрлігі “әртүрлі санаттағы көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәлігін алуға теориялық және практикалық емтихандарды қабылдауды оңтайландыру” пилоттық жобасын іске қосу туралы бұйрық дайындады. 

Жоба 2021 жылғы 1 қазанынан бастап 2022 жылғы 30 қыркүйегіне дейін іске асырылатын болады. 

Емтихандар келесі ретпен тапсырылатын болады: алдымен теориялық, содан кейін практикалық. Теориялық та, практикалық та емтихан алдыңғы емтихан өткізілген күннен бастап бір жұмыс күнінен ерте емес уақытқа  (бұрын емтихан алдыңғы емтихан өткізілген күннен бастап келесі жұмыс күніне тағайындалған) тағайындалады.

Теорияны тапсырмаған адам практикалық емтиханға жіберілмейді. 

Ережеде теориялық емтихан тапсыру үшін емтихан тапсырушылар сынақ күніне дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей «электрондық үкімет» порталы арқылы, порталдың интеграциялық сервистері арқылы немесе мемлекеттік корпорацияға жүгіну арқылы өтініш бере алатындығы туралы тармақ пайда болады. 

«Емтихан алушы теориялық емтихан тапсыру үшін бос орындардың болуына қарай тестілеу күніне дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей теориялық емтихан тапсыру орнын, күні мен уақытын өзі таңдайды», – делінген құжатта. 

Ереже өзгерістерінің толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Бұйрық жобасы 22 қыркүйекке дейін «Ашық НҚА» сайтында талқылау үшін орналастырылды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: