Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері 35,7 мың теңге. Бірақ 900 мыңнан аса төлем алатындар да бар. БЖЗҚ ең жоғары Топ-5 зейнетақы төлемін атады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz .
БЖЗҚ мәліметінше, ай сайынғы төлемдердің орташа мөлшері 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, бар болғаны 35,7 мың теңге болады. Алайда ең жоғарғы сома шектелмеген және жекелеген азаматтарда 900 мың теңгеден асады.
Қазақстандағы Топ-5 ең жоғары зейнетақы төлемі
БЖЗҚ деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жасы бойынша ең жоғары зейнетақы төлемдер
- 993 041 теңге;
- 818 818 теңге;
- 635 236 теңге;
- 565 857 теңге;
- 560 437 теңге.
Зейнетақы мөлшері неге тәуелді?
Сарапшылардың айтуынша, мұндай жоғары соманың қалыптасуына бірнеше фактор әсер етеді: салымшының табыс деңгейі, барлық табыс түрлерінен аударымдардың толықтығы мен тұрақтылығы.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі азаматтарға өз капиталын өз бетінше басқаруға мүмкіндік береді: міндетті 10 пайыздық жарналар жеткіліксіз болған жағдайда, азаматтар оны ерікті зейнетақы жарналарымен толықтыра алады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!