Конституциялық Сот жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан босату туралы норманың Конституцияға сәйкестігін тексереді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты алдын ала зерделеу нәтижелері бойынша, ер адамның Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-1-тармағы 2) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.
Дауланып отырған норма квазимемлекеттік сектор ұйымының қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу мүмкіндігін көздейді.
Осы негіз бойынша қызметінен босатылған өтініш беруші электровоз машинисі бұл ереже оның еңбек бостандығы мен қызмет пен кәсіп түрін таңдау еркіндігіне конституциялық құқықтарын шектейді деп санайды. Оның пікірінше, норма орындалатын жұмыстың сипатын ескермей кеңінен қолданылады және басқарушылық функцияларды жүзеге асыруға байланысты және байланысты емес лауазымдарды сараламайды.
Норманың Конституцияға сәйкестігін тексеру барысы мен қорытындылары туралы ақпарат Telegram-арнада жарияланады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!