Қазақстандық шекарашылар қазан айында 4 мыңнан астам шетелдікті ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бір айда Қазақстан заңнамасын бұзған 4 743 адам ұсталды, оның 4 077-сі – шетел азаматы.
Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізу бойынша жалпы 1 708 факт анықталды.
Шекарадан алып өтпек болған оқ-дәрілер: 2 дана жауынгерлік, 3 дана жарақат, 258 дана суық қару және 13 дана оқтауға жарамсыз оқ дәрілер. «АК-74» автоматтары, 36 дана оқ-дәрі және 2800 дана атыс қаруының жинақтауыштары бар, – деп хабарлады шекара қызметі.
Сондай-ақ шекарада анықталған басқа да заңбұзушылықтар:
жалпы сомасы 14 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары;
4,2 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
2,5 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
Броконьерлік бойынша 106 факт тіркелді. 24 дана жүзу құралы мен жалпы ұзындығы 136 км аса тор тәркіленді. Шамамен 2 900 кг бекіре балықтарының түрлері, қызыл кітапқа енген итбалықтар алынды. Залал сомасы шамамен 1,1 млрд теңге, – дейді шекара қызметі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
