Сәрсенбі, 22 қазан, 13:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Қазақстандықтардың банк есепшоттарын туған күн мен есім арқылы іріктелген құпиясөздер арқылы бұзған

22.10.2025

134 0

Фото: Қостанай облыстық полиция департаменті

Қостанай облысы Рудный қаласында клиенттердің телефондарындағы банк қосымшаларын бұзып, ақшаларын ұрлады деген күдікпен телефон жөндеумен айналысқан ер адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «Мобильник» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде полицейлер Рудный қаласының тұрғынын ұстаған. Ол бұрын пайдаланылған телефондарды жөндеумен және сатып алумен айналысқан.

Тергеуде күдікті клиенттердің телефондарын диагностика мен техникалық қызмет көрсетуге алып, заңсыз түрде банк қосымшаларына кіріп, қаражатты өз шотына аударып отырған.

Құпиясөздерді іріктеу кезінде туған күн, иесінің есімі сияқты қарапайым комбинациялар пайдаланылған.

«Қазір күдіктінің үш қылмысқа қатысы бар екені дәлелденді», – деді полиция департаменті өкілдері.

Залалдың жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асқан. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, қосымша деректер мен жәбірленушілер анықталып жатыр. Полиция азаматтарға киберқауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті. 

«Телефонды жөндеуге бергенде оны бұғаттан босатылған күйде қалдырмаңыз. Құрылғыны тапсырмас бұрын банк қосымшаларын өшіріп, барлық тіркелгілерден шығыңыз. Жеке деректеріңізге байланысты емес күрделі құпиясөздер қолданыңыз. Құрылғыға бақылауды жоғалтқан жағдайда, дереу банк карталары мен онлайн-қолжетімділікті колл-орталық арқылы бұғаттаңыз», – делінген полиция хабарламасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: