Жексенбі, 22 желтоқсан, 06:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

ҚАЖ департаменті бірінші тоқсанды қорытындылады

18.04.2023

588 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы жедел кеңес өткізіп, ағымдағы жылдың 3 айын қорытындылады. Жедел кеңеске жеке құрам қызметкерлері, мекеме басшылары және пробация қызметінің бастықтары қатысты. Жедел кеңесті ашқан әділет полковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлы ІІМ Алқа отырысында қойылған негізгі талаптар мен тапсырмаларды жеке құрамның назарына жеткізді. Жедел-қызметтік жұмысының қорытындылары туралы департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі Накенов Мұрат Сабырұлы баяндама жасады. Ол өз баяндамасында ҚАЖ мекемелеріндегі сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттарды өткізу дерегі, тінту жұмыстары және жазасын өтеушілермен өткізілген тәрбиелік шаралар, түзеу мекемесінен босатылған, жаза мерзімі қысқартылған сотталғандар туралы айтып өтті. Сондай-ақ департаменттің жеке құрамы арасындағы тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі, атқарылған жұмыстары мен ҚАЖ имиджін арттыру бағытында БАҚ беттеріне жарияланған ақпараттар жөнінде баяндады.
Одан соң департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Әбдіқайыров Жүніс Өтегенұлы сотталған азаматтардың жұмыспен қамтылуы, оларға көрсетілетін медициналық көмектің көрсетілуі және тылмен, қаржымен қамтамасыз ету және пробация қызметтері бойынша бірінші тоқсанда атқарылған жұмыстарды баяндады.
Жедел кеңесті қорытындылаған департамент бастығы ҚАЖ мекемелерінде алдағы уақытта атқарылатын міндеттер бойынша мекеме басшыларына сотталғандарды жұмыспен қамту бойынша жеке кәсіпкерлермен кездесулер өткізу, сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттардың жолын кесу бойынша жұмысты жандандыруды және олармен тәрбиелік жұмыстарды жиі жүргізуді, тапсырды. Аудандық және қалалық пробация қызметінің есебіндегі азаматтардың қайта қылмысқа жол бермеу мақсатында тиісті жұмыстарды атқаруды және жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстардың жүргізілуіне нақты тапсырмалар берді.

Достанова Дана
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: