Сейсенбі, 24 желтоқсан, 21:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

ҚАЖ департаментінің 37 мекемесінде мерекелік шара өтті

05.05.2023

720 0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 37 мекемесінде ” 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні” мен ” 9 мамыр — Жеңіс күні” мерекесі қарсаңында мерекелік шара өтті.
Мерекелік шара Мемлекеттік Гимн орындалуымен басталды.Мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет майоры Мамбетов Абай Әбілқасымұлы жеке құрам қызметкерлерін қос мерекемен құттықтады.
-Отан қорғаушылар күні – бұл ерлік пен Отанға деген адалдықтың нышаны болып саналатын мереке. Осыдан 31 жыл бұрын Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Осы жылдар ішінде алғашқы әскери бөлімдерді қалыптастырудан бастап, ұлттық қорғаныс пен қауіпсіздіктің қазіргі жүйесіне дейінгі үлкен жолды жүріп өттік. Ең заманауи қарумен және техникамен жабдықталу, командирлердің кәсібилігі, жеке құрамның жоғары жауынгерлік дайындығы мен машығы – осының бәрі біздің Қарулы күштеріміздің нығаюына септігін тигізді.
Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз. Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз.Батырлық пен жанқиярлықтың жарқын үлгісін көрсеткен ардагерлер мен тыл ардагерлеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Сіздерді
Отан қорғаушылар күнімен және Ұлты Отан соғысының Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Еңбектерінде табыс, қызметтерінде сәттілік тілеймін,-деді әділет майоры Абай Әбілқасымұлы.
Шара барысында қызметтегі жақсы жетістіктері мен қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген бірқатар қызметкерлер марапатталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: