Сенбі, 21 желтоқсан, 18:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

ҚАЖ департаментінде тәлімгерлер кеңесі өтті

11.07.2024

296 0


Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде Тәлімгерлер кеңесі жұмыс жасайды. ҚАЖ саласының ардагерлерінің құрылған кеңес жас мамандарды кәсіпке бейімдеуде әдістемелік және тәжірбиелік көмек көрсетеді.

Бүгін ҚАЖ департаментінің мәжіліс залында ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Әбдіқайыров Жүніс Өтегенұлының төрағалығымен тәлімгерлер кеңесінің жиыны өтті. Жиынды әділет полковнигі Жүніс Өтегенұлы ашып, жас мамандарға қызметтің қыр-сырын үйретіп, тәрбиелеп, көп жылдық тәжірбиелерімен бөлісуден жалықпай келе жатқан ардагерлерге ризашылығын білдірді.
Жиын барысында ҚАЖ ардагерлер ұйымы мүшесі Сейдалиев Ақылбек Сейдалыұлы сөз алып, ішкі істер саласына қабылданған әрбір қызметкердің міндеті Отанына адал қызмет ету екендігін, нысанды киім киген соң жауапкершілікті сезініп, қызмет барысында заңсыздыққа жол бермей, адал қызмет атқарып, абыроймен зейнеткерлікке шығуларын тіледі. Тәлімгерлер кеңесінің алдағы жоспарларымен бөлісіп, өздерінің көпжылдық тәжірибелерін
жас қызметкерлерге үйрететінін жеткізді.
Іс -шара барысында 10 ардагер Ішкі істер органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі, ұзақ мерзімді мінсіз қызметі және Полиция күні мен Астана күнінің мерейтойына орай ҚР ІІМ полиция генерал-лейтенанты Саденов Ержан Сапарбекұлының Грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: