Сәрсенбі, 20 қараша, 04:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде сенбілік өтті

07.09.2024

479 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде дәстүрге айналған сенбілік іс-шарасы өтті. Мекеме бастығының жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары әділет майоры Е.Романкулов пен кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны Д.Шахидың ұйымдастыруымен өткен бұл шараға ерікті жалдамалы қызметкерлер мен жеке құрам қызметкерлері толығымен қатысып, таңғы 09:00-ден бастап ғимарат алдында жиналып, дәрежелеріне қарамастан бір үйдің баласындай  бірікті. Күз айының алғашқы күндері мемеде қызмет атқаратын ұжымдастар бірлесіп, әкімшілік аумақты тазалады. Яғни, ер кісілер шөп жұлып, қоқыс қалдықтарын тазалап, шаң басылу үшін су сеуіп, сырлау мен айналысса, ал әйел кісілер сыпырып, терезе сүрту жұмыстарын жасады.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл деген, ауызбіршілікпен  атқарылған екі  сағатқа созылған ұжымдық еңбек нәтежиесінде, тергеу мекемесінің  аумағы мұнтаздай кейіпке еніп, қоқыс қалдықтарынан тазаланды.

  • Бүгінгідей сенбілік, туған жердің экологиялық жай-күйін ойлаған әрбір азаматтың парызы. Сондықтан қызметкерлер сенбілікте өз белсенділіктерін танытты. Алдағы аптада ұжым тарапынан сенбіліктер ұймдастырылып,  жалғасын табады- деді, мекеменің кадр маманы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: