Бейсенбі, 28 қараша, 03:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

ҚАЖ департаментінің бастығы ардагерлерді марапаттады

15.02.2024

358 0


15 ақпан – Ауған соғысы ардагерлерi үшiн естен кетпес ерекше күн. Дәл осы күнi Кеңес әскерiн Ауғанстан жерiнен қайтару туралы шешім қабылданды. 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Ауғанстан жерінде он жылын от пен оқтың астында өткізген Кеңес әскерлері жауынгерлерінің туған еліне оралғандарына 35 жыл толды.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде ауған соғысы жылдарында өзге мемлекеттер аумағында бітімгершілік сапында болып, Таулы Қарабахта ұрыс қимылдарына қатысып, Тәжік-ауған шекарасында қызмет атқарған ардагерлеріміз бар. Олар ҚАЖ саласынан зейнеткерлікке шыққан сала ардагерлері Өтепбергенов Серік Әділбайұлы, Мұхтаров Әбдіхалық Абдуллаұлы, Бисенов Ғалымжан Махамбетжанұлы, Идирисов Әли Махмұдұлы және Арысбеков Мұңайтпас Жампозұлы.Бүгін осы ардагеріміздің қатысуымен жиын өтті. Жиын Ауған соғысында ерлікпен қаза болғандарды 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Департамент бастығы әділет полковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлы адамзат тарихындағы Ауған соғысының алар орны жайлы айтып, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеу, әрқайсымыздың қасиетті борышымыз деді. Сол сұрапыл жылдарда көрсеткен ерліктері үшін алғыс білдіре отырып, ардагерлеріміздің Отан алдындағы борыштарын атқару жолындағы жарқын жолдары- жас ұрпаққа үлгі болып қала беретінін тілге тиек етті. Одан соң Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменінің Ардагерлер ұйымының төрағасы Ахметов Талғат Шакиұлы сөз алып, ауған соғысы ардагерлеріне өз тілегін айтып, жас қызметкерлерді патриоттық рухта және шыдамдылық пен сабырға тәрбиелеуге өз үлестерін қосатынын жеткізді.Жиын барысында өзге мемлекет аумағында батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен ҚАЖ ардагерлері өз естеліктермен бөлісті. Отан алдындағы борышымызды өтеуге бардық. Бөтен елде бейбіт өмір орнату үшін дұшпандармен күрестік деді Ғалымжан Махамбетжанұлы
Кездесу соңында «Ішкі істер органдарының ардагері» медалімен Бисенов Ғалымжан Махамбетжанұлы, Идирисов Әли Махмұдұлы және Арысбеков Мұңайтпас Жампозұлы,«Бітімгершілік іс-қимылдарға қатысқаны үшін» медалімен Мұхтаров Әбдіхалық Абдуллаұлы және ҚАЖ департаменті бастығының Алғыс хатымен Өтепбергенов Серік Әділбайұлы марапатталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: