Жексенбі, 13 сәуiр, 01:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№26,2139
12.04.2025
PDF мұрағаты

ҚАЖ департаментінің мекемесінде өрт тактикалық оқу- жаттығуы өтті

11.04.2025

259 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 37 мекемесінің бастығымен бекітілген жоспарға сәйкес өрт-тактикалық оқу жаттығуы өтті.
Аталмыш шара мекеме аумағында ұйымдастырылды. Басты мақсат жеке құрамының өртті сөндіру кезіндегі тәжірибелік дағдыларын машықтау және тілсіз жаудың алдын алу болып табылады.
Жаттығудың тактикалық тұрғысына сәйкес, бүгін сағат тоғыз шамасында мекеме әкімшілігі аумағынан өрт шыққан. Мекеменің жеке құрамы төтенше жағдайға дереу дабыл қағып, жедел түрде мекеме бастығына, ҚАЖ департаментінің кезекші қызметіне және қалалық өрт сөндіру бөліміне хабарлайды.
Мекеме қызметкерлерінің және өрт сөндірушілердің келісілген іс-қимылдарының арқасында қызыл жалынның одан әрі таралуына жол берілмеді.
Шара соңында «Өрт қауіпсіздігін алдын алу және болдырмау» мақсатында өткізілген оқу-жаттығудан кейін қалалық өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен жеке құрамның іс-әрекетін қорытындылау жиыны өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: