Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің жедел бөлім қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес,мекеменің сыртқы аймағы (7- ші аймақ) тұсынан №60 мекеменің жедел бөлімінің қызметкерлерімен және №5547 Әскери бөлімінің патрульде жүрген қатардағы сарбазымен бірлесіп ұшып тұрған «Дронды» қажетті құрал-жабдықтармен құлатып түсірілгендігі туралы анықталды.
Орын алған дерек бойынша Қызылорда қалалық полиция басқармасына 102 телефонына хабарланып, жедел-тергеу тобы шақыртылды.
Оқиға орнына Қызылорда қалалық ПБ жедел тобының анықтау бөлімінің анықтаушылары келіп, тексеру барысында бес симкарта екі «Актив» және үш «Билайн» симкартасы және екі дана ұялы телефон,бір дана «NOKIA» ұялы телефоны және бір дана «INOI» ұялы телефон,екі дана юзби шнур,үш дана «Насыбай», бір дана маркасы белгісіз «Дрон» табылды.
Қызылорда қалалық ПБ-ның жедел-тергеу тобымен тәркіленіп алынды.
Қазіргі таңда дронды ұшырған адамды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде.
Наргиза Рамазанова
Қызылорда облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!