Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

ҚАЖ мекемесінде профилактикалық шара өтті

22.11.2024

204 0


2024 жылғы 21 қарашада Қызылорда облыстық Полиция департаментінің кинология орталығының мамандары мен 37 мекеме қызметкерлері бірлесіп, профилактикалық іс-шара жүргізді. Бұл шараның мақсаты – мекемеге тыйым салынған заттардың енуін болдырмау және тәртіпті нығайту болып табылады.
Іс-шара аясында мекеменің ішкі және сыртқы қоршаулары, сотталғандардың жатақханалары, қоймалары мен карантин бөлімі толық тексерілді. Тексерулер кинолог маман қызметкердің үйретілген итімен жүргізілді.
Режим бөлімшесінің жедел уәкілі әділет аға лейтенанты Е.Шамет атап өткендей, осындай профилактикалық шаралар тыйым салынған заттардың мекемеге енуінің алдын алуға мүмкіндік береді, және бұндай іс-шаралар өз жалғасын табады. Жоғары кәсібилік пен үйлесімді жұмыс нәтижесінде мекеме қызметкерлері өз міндеттерін абыроймен атқарды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: