Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

ҚАЖ мекемесінде жедел кеңес өткізілді

09.07.2024

248 0

Бүгін ҚАЖ департаментінің 37 мекемесінде ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Әбдіқайыров Жүніс Өтегенұлының төрағалығымен жедел кеңес өтті. Жедел кеңеске ҚАЖ департаментінің Өзіндік қауіпсіздік тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі әділет подполковнигі Серік Жапаров және мекеме қызметкерлері қатысты. Жиынды әділет полковнигі Жүніс Өтегенұлы ашып, күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталып өтті. Жиын барысында қызметкерлер өздерінің іс-әрекетімен заңнамада көрсетілген тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол берілмеуі тиіс екені, өздерінің мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сондай -ақ қызмет барысында заңдылықты сақтауға тиіс екені айтылды.
Сонымен қоса қызметкерлерге «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қолданыстағы заң талаптарын сақтау, жол жүру ережесінің талаптарын сақтау, нысандық киім кию тәртібін сақтау» бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: